Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда есепте тұрған азаматтармен профилактикалық жұмыс жүргізілді

Екібастұзда есепте тұрған азаматтармен профилактикалық жұмыс жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік инспектор полицияда есепте тұрған адамның қоғамдық орында мас күйінде болу фактісінің жолын кесті. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Бүгінде Екібастұз қаласы полициясының бақылауында әртүрлі санаттар бойынша 500-ден астам азамат есепте тұр. Әрбір есепке алынған адаммен құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер өткізіледі, жазаны өтеу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ пробация қызметінен бақылаудан жалтарғаны үшін жауапкершілік қайта түсіндіріледі, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде “Есептегі адам” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталған, есепте тұрған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу.

Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторлары мен пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты жері мен жұмысы бойынша тексеру үшін бірлескен мобильді топтар құрды. Тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексерулерден басқа, қызметкерлер ақпараттық іздеу жүйелері бойынша олардың тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстарды уақытылы анықтау тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру