Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да үздік тергеуші мен анықтаушы анықталды

ШҚО ПД-да үздік тергеуші мен анықтаушы анықталды. Полицейлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті, онда 2023 жылдың қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тергеушілер мен анықтаушылар анықталды. Әскери-қызметтік тәртіпті сақтау да бағаланды.

Қылмысты ашуда тергеуші мен анықтаушы ерекше рөл атқарады, өйткені сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде сапа мен заңдылықты сақтау – ұзақ және қажырлы еңбектің жемісі. Жұмыс нәтижелері бойынша Үлбі ПБ аға тергеушісі Шынар Рүстемқызы үздік тергеуші атанса, Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің аға анықтаушысы Олжас Қасқабаев үздік анықтаушы атанды.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік тергеу қызметі ретінде Күршім ауданының полиция бөлімі танылған болатын. Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін департамент бастығының грамотасымен 11 тергеуші және 4 анықтаушы марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру