Астаналық азаматқа ипотекаға үй алып беремін деп сан соқтырған алаяқ ұсталды
Астаналық азаматқа ипотекаға үй алып беремін деп сан соқтырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұра аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығы туралы хабарлаған.
Оның айтуынша, 28 жасар елордалық ипотекамен үй алып беруге көмектесемін деп жәбірленушінің 1 млн 300 мың теңге ақшасын алған. Кейін, айтқан уәдесінде тұрмай, шалған қоңырауларын жауапсыз қалдырады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.
Аталмыш фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.