Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны бірнеше тұрғынның атына 9 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

ШҚО тұрғыны бірнеше тұрғынның атына 9 млн теңгеден астам несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөліміне қаланың 23 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы өтінішпен жүгінген. Қыз бала құрбысының сауалнамалық деректерін пайдаланып, 3,2 млн теңгеден астам сомаға онлайн несиелер рәсімдегенін айтты. Өтініш беруші банктен қоңырау шалған кезде ғана не болғанын білген.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шараларына дереу кірісті. Нәтижесінде 22 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Тергеу барысында ұсталған азаматшаның осыған ұқсас алаяқтықтың тағы екі ісіне қатысы бар екені анықталды.

Ол осындай екі сенгіш азаматты бір және бес миллион теңгеге алдап кеткен. Күдікті қоңырау шалу үшін телефон сұраған кейіп танытып кейіннен, банктің қосымшасын пайдаланып, несие рәсімдеген. Жалпы шығын 9 миллион теңгеден асады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру