Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тұрғындарды сан соқтырған алаяқ анықталды

Қытайдан келетін тауарларды арзан бағамен ұсынып, астаналықтарды сан соқтырған алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының тұрғыны астаналықтарға арзан бағада Қытайдан келетін тауарларды алуға уәде еткен. Бір жыл ішінде ол WhatsApp мессенджерінде арқылы хабарландырулар салып, көтерме бағамен түрлі өнімдерді ұсынып отырған.

Ол клиенттерге уәде еткен тауарлардың ассортименті мотоциклдерден бастап, ас үйге арналған шағын бұйымдарға дейін мақтаулы болған. Сатып алушылар жақсы жарнамаға алданып ақшаны дропперлерге аударып қаражат алаяқтың картасына түсіп тұрған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 7 миллион теңгені құраған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында әйел өз кінәсін мойындап, бөтен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірді.

Болжам бойынша, 60-тан астам азамат дәл осындай схеманы қолданып, алданған, бірақ құрбан болғандар одан да көп болуы мүмкін. Қазір полицияға 32 жәбірленуші арызданған. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру