Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер қоғамдық орындарда бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады

Астаналық полицейлер қоғамдық орындарда бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта оның ұрлықтың екі фактісіне қатысы бары анықталды. Мәселен астаналық азамат күндізгі уақытта азық-түлік дүкенінде сатушының жоқтығын пайдаланып, кассадан ақша ұрлап кеткен. Күдіктінің олжасы 11 мың теңге болды. Бірнеше күн өткен соң ол түнгі уақытта компьютерлік клубта болған кезде мекемеге келушінің күртесін алып кеткен. Күртенің қалтасында Samsung Galaxy Buds-2 құлаққап және 50 мың теңге көлемінде ақша болған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық ПД криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар қаланың 29 жастағы тұрғынын анықтады.

Қазіргі уақытта ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру