Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бейнекамералардың көмегімен ұрлық қылмысының беті ашылды

Шымкентте бейнекамералардың көмегімен ұрлық қылмысының беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға жергілікті тұрғын ұрлық туралы арызбен жүгінді. Азаматша белгісіз біреудің подъезден балалар арбасын ұрлап кеткенін жеткізді. Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша тіркеп, іздеу жұмыстарына кірісті.

Жедел уәкілдер бейнебақылау камераларын тексеру барысында ұрының жеке басын анықтады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған 41 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Күдікті қала аумағында бір күн ішінде ұсталды. Ұрланған затты сатып үлгергені белгілі болды.

Қазіргі таңда, ер адам қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру