Астаналық полицейлер ұрлық қылмысына қатысы бар күдіктілерді құрықтады
Астаналық полицейлер ұрлық қылмысына қатысы бар күдіктілерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есіл аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 43 жастағы қала тұрғынының сауда орталығы, жанар-жағармай құю бекеттері және дүкендерде жасаған бірқатар ұрлық қылмысына күдікті екенін анықтады. Қазіргі уақытта оның елордадағы сегіз ұрлыққа қатысы бар екені белгілі болды.
Күдікті ұрлық жасау кезінде ештеңеге қарамастан қолына түскеннің бәрін ала берген. Сауда орталығынан 2 шалбар мен әйелдер аяқ киімін, Vivo ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ер адам супермаркеттер мен дүкендерден халық тұтынатын тауарларды жымқыруды жалғастыра берген.
Ұрыны анықтау барысында жедел уәкілдер жанармай құю бекетінен ұрлық жасаған ер адамның ізіне түскен. Оның таңғы уақытта жанар-жағармай құю бекетінің ғимаратына кіріп, сатушының алаңдағанын пайдаланып, кассадан 260 мың теңге көлеміндегі бір түйір ақшаны алып кеткен.
Қазіргі уақытта полицейлер ер адамның елордада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болғаны да белгілі болды. Ол кінәсін мойындап, Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысты деген күдікпен 17 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында кәмелетке толмаған бозбаланың Қабанбай батыр даңғылындағы сауда ойын-сауық орталығына күндіз келіп, фирмалық киім дүкеніне кіргені белгілі болды.
Сөрелерде тұрған тауарларға қарап, өзіне лайық заттарды таңдап, содан кейін сатушылардың басқа іспен алаңдауын пайдаланып, ескі аяқ киімін жаңаға ауыстырып, онымен қоса жеңсіз кеудеше алып, сауда үйінен ден шығып кеткен.
Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған азаматша заңды өкілдеріне берілді. Оның Астанада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.