Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық қарттың гаражынан құнды зат ұрлаған күдіктілер ұсталды

Астаналық қарттың гаражынан құнды зат ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қаланың 64 жастағы қарт тұрғыны арызбен жүгініп, өзіне тиесілі гараждан құнды затының ұрланғанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері сол аумақтың 34 және 31 жастағы азаматтарын күдікті деп ұстады.

Аталған ер азаматтар тергеп-тексеру барысында қарт адамның жеке мүліктері сақталған гаражға есігін бұзып кіріп, құны 100 мың теңгеге бағаланатын темір есікті ұрлап шыққаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалып, заттай айғақтар тәркіленді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру