Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” іс-шарасы: Астанада 84 қылмыс анықталды

Астана полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында елорда аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Астана қаласында ЖААІШ өткізу кезінде 84 қылмыс тіркелді, оның 55-і “ізін суытпай” ашылды, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерінің көмегімен – 32, бұрын жасалған 31 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталды.

Учаскелік полиция инспекторлары 981 тұрғын үй алабын аралады. ІІО-да профилактикалық есепте тұрған 1 321 адам тексеріліп, есепте тұрған тұлғалар тарапынан белгіленген шектеулердің 29 заң бұзушылық анықталды.

Іс-шара өткізу барысында әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 2 218 адам жауапқа тартылды, оның ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 205, тыныштықты бұзғаны үшін – 237, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйде болғаны үшін – 355, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе ересектердің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін – 45, қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін – 12, ҚР-да тұру кезінде тіркеу қағидаларын бұзғаны үшін – 627 және т. б. адам жауапкершілікке тартылды.

– Біз күн сайын алдын алу іс-шараларын өткіземіз. Сондай-ақ интернет-ресурстар, жалпы үй чаттары арқылы бізге хабарламалар келіп түссе, істің анық-қанығын анықтап, әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданамыз, – деді Астана қаласы ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нысантаев.

Мәселен, полицияға “102” арнасына елордалық қонақ үйлердің бірінде клиент есікті сындырып, 550 мың теңге сомасына материалдық шығын келтіргені туралы хабарлама келіп түскен. Аталған факті бойынша полицияға қаланың 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жиналған материал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді. Сот шешімімен ол 48 300 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері Достық көшесіндегі тұрғын үй кешенінде спирттік ішімдікті ішу барысында есік пен өрт қалқанының әйнегін сындырған 31 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, 437-бабы 1-бөлігі, 434-бабы 1-бөлігі, 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, Сауран көшесіндегі үйдің жанында 30 жастағы ер адам қоғамдық орында бола тұра мұқтаждығын орындап,  әкімшілік құқық бұзушықылыққа тартылды.

Аталған факті бойынша оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру