Астаналық ҚАЖ департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды
Астаналық ҚАЖ департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ішкі істер министірінің бұйрығымен Астана қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары лауазымына Рысбек Сағадатұлы Тұрғымбаев тағайыңдалды.
Р. Тұрғымбаев ҚР ӘМ ҚАЖК-нің Павладар заң колледжін оқып бітірген. 2014 жылы Орталық-Қазақстандық академиясын тәмамдаған.
Құқық қорғау органдарында өз қызметін 2007 жылдан бастап ҚАЖК Астана қаласы бойынша басқармасының ЕЦ-166/22 мекемесінің шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің аға инспекторы болып бастаған. Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Осы уақытқа дейін Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕС-164/4 және ЛА-158/8 мекемелерінің бастығы болып қызмет атқарды.