Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзен полицейлері ұрланған көлікті “ізін суытпай” тапты

Жаңаөзен полицейлері ұрланған көлікті “ізін суытпай” тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

11 қараша күні сағат 23:20 шамасында “102” кезекші пультіне Chevrolet Captiva автокөлігінің ұрланғаны туралы қоңырау түсті. Көлік иесі өз көлігімен сауда үйінің жанына тұрақтағанын хабарлады. Осы дерек бойынша барлық кезекші патрульдік жасақтар бағытталды.

Ұрланған автокөлікті патрульдік полиция инспекторлары “ізін суытпай” тапты. Көлікті ұрлаған күдікті полицейлер анықтаған кезде көлік жүргізіп келе жатты. Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында ол бірден полицияға жеткізілді. Көлік заңды иесіне қайтарылды.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру