Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жол иелеріне ақауларды жою бойынша 19 нұсқама жолданды

ШҚО-да жол иелеріне ақауларды жою бойынша 19 нұсқама жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жолдардың неғұрлым аппатық-қауіпті учаскелерінің қысқы күтіміне тексеру жүргізілді. Қар тазалау техникасының жұмысы, өндірістік базаларда көктайғаққа қарсы материалдардың болуы, ескерту жол белгілерін, қар ұстайтын қоршаулар мен сигналдық қабықшаларды орнату.

Зерттеу нәтижелері бойынша жол жамылғысының, белгілер мен қоршаулардың жай-күйі бойынша 40-тан астам ақаулар анықталды. Жол иелеріне оларды жою бойынша 19 нұсқама жолданды.

Полиция департаментінің өкілдері мен қызмет көрсететін ұйымдар қарлы учаскелерді жою бойынша қосымша ұсыныстар дайындады. Қызмет көрсетілетін автожолдар желісінің жай-күйі мен жүрісі туралы ақпарат жинау бөлігінде полиция саптық бөлімшелерінің жол ұйымдарының инженерлік-техникалық жұмысшыларымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Аталған іс-шаралар апаттылықтың алдын алуға және ЖКО төмендетуге бағытталған.

Қала сыртындағы автомобиль жолдарының жай-күйі мен жүріп өтуі, енгізілген шектеулер туралы тәулік бойы ақпаратты келесі телефондар арқылы білуге болады:

ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекші бөлімі:
– 777-081, 776-005

“Қазақавтожол” диспетчерлік қызметі”:
– 26-28-08, 24-08-98, сот. 8-777-535-89-08;

“Облшығысжол” диспетчерлік қызметі”:
– 57-42-52, 8-771-086-55-43.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру