ШҚО-да полицейлер интернет-алаяқтар ұрлаған қаражатты иесіне қайтарды
ШҚО-да интернет-алаяқтыққа тап болған тұрғынға полиция қызметкерлері көмектесіп, ұрланған қаражатты қайтарды. Жедел жүргізілген шаралар нәтижесінде қылмыстың мән-жайы анықталып, қажетті іс-қимылдар қабылданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәсібилік пен жеделдік — азаматтар сенімінің кепілі. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір тұрғынына интернет-алаяқтар ұрлаған қаражатын қайтаруға көмектесті.
Полицейлердің үйлесімді әрі жедел іс-қимылдарының арқасында қылмыстың мән-жайы анықталып, қаражатты қайтару бойынша қажетті шаралар қабылданды. Ризашылық белгісі ретінде азамат полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдірді.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін цифрлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жеке деректер мен банктік карта деректемелерін үшінші тұлғаларға бермеңіздер, күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер, сондай-ақ алынған ақпараттың анықтығына мұқият көз жеткізіңіздер.
Күдікті жағдайлар туындаған кезде дереу "102" арнасына хабарласу қажет.
Полиция әрқашан жедел әрекет етуге және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге дайын.
