Астаналық тұрғын дәмханалардың бірінен телефонды қолды қылған
Астаналық тұрғын дәмханалардың бірінен телефонды қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұялы телефон ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы елорда тұрғынын анықтаған.
Ер адам күндізгі сағат 14:30 шамасында Сейфуллин көшесіндегі астаналық дәмханалардың бірінде жұмыскердің қол босамай жатқанын пайдаланып, ұялы телефонын ұрлап кеткен. Алайда, оның әрекеті бейнебақылауға түсіп қалған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ер адам кінәсін мойындады, оның Астанада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.