Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық азамат өзгенің үйіне терезені бұзып кіріп, ақша мен иіс су жымқырған

Қарағандылық азамат өзгенің үйіне терезені бұзып кіріп, ақша мен иіс су жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айының соңында таң сәріде полицияға 48 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Белгісіз адамдар жәбірленуші азаматшаның үйінің терезесін бұзып кіріп, 20 мың теңгесін, Gucci және Jo Malone иіс суларын ұрлап әкеткенін хабарлады. Оған келтірілген шығын көлемі 110 мың теңгені құрады. 

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдіктіге тәртіп сақшылары оқиға орнында қалған із арқылы шықты. Күдіктінің айтуынша, ол пәтерден ұрлаған иіс суларды сатып жіберген.

Ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру