Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қараусыз жайылып жүрген мал иесіне айыппұл салынды

Павлодар облысында қараусыз жайылып жүрген мал иесіне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауданының полициясы күнделікті негізде иесіз жайылып жүрген мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту және малдың қатысуымен жол-көлік оқиғасының жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Күн сайын полиция қызметкерлері жол бойында және тасжолда малдың жайылуына жол бермеу бойынша рейдтер жүргізеді.

– Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мал иелерінің тиісті бақылауы жоқ, бұл автожолдардағы жол-көлік оқиғаларына және мал ұрлығына әкеп соғады. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаудың себебі көбінесе жайылымда жайылып жүрген малдың қараусыз қалуынан болады, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Мысалы, 19 тамызда сағат 12:50-де Ертіс – Северное автожолында, Ақбетей ауылының маңында иесіз, қараусыз 34 бас сиыр жайылып жүр. Полицейлер мал иесін анықтады. Ол Луговое ауылының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ мұндай бұзушылықтардың алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру