Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Асылып өлмек болған ер адамды ақтөбелік полицейлер құтқарып қалды

Асылып өлмек болған ер адамды ақтөбелік полицейлер құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 тамыз күні Ақтөбе облысы ПД Жедел басқару орталығына жедел жәрдемнен ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Тәртіп сақшылары қоңырауға уақытылы жауап беріп, оқиға орнына дереу жетеді. Полиция қызметкерлері есікті ашқан уақытта асылып тұрған ер адамды көреді.

Полицейлер үйлесімді және жедел әрекет етіп, ер адамды ажалдан арашалап қалды.

Ер адамға психологиялық тұрғыдан көмек көрсетілді. Оның өз-өзіне қол жұмсамақ болуының себебі қаржылық қиындықтармен байланысты болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру