Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ата-ана, мектеп директорларымен ауқымды жиын өткізілді

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Түркістан облысы полиция департаменті қарқынды жұмыстар жүргізуде,- деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, Арыс қаласы №32 Ә.Жангелдин мектебінде Арыс АПБ, аудандық білім беру бөлімдерінің ұйымдастыруымен барлық мектеп директорлары, ата-аналар кеңесінің төрағаларының қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті.

Ата-аналарға қатаң түрде жасөспірім балаларын түнгі сағат 23:00-ден кейін үйден шығармау керектігі туралы ескерту шаралары жүргізілді.

«Кәмелет жасына толмағандар арасында орын алатын түрлі қылмыстарды болдырмау – барлығымызға жүктелген қызмет. Ата-ана үйде балаға жақсы тәрбие беріп бақыласа, мектеп білім нәрімен сусындатса, тиісті мекемелер қажетті шараларды іске асырса, біз алмайтын қамал жоқ. Жасөспірімдер арасындағы ірілі-ұсақты құқық бұзушылықтарды болдырмауда мұндай шаралардың берері мол»,-деп атап өтті Арыс АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Н.Исабеков.

Арыс қалалық білім бөлімі, әкелер кеңесі, ата-аналар бірігіп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бір кісідей ат салысу жоспарланды. Ойынхана, мейрамхана, кафе, ойын-сауық орталықтарында, яғни адамдар көп шоғырланатын орындарға білім беру ұйымының қызметкерлерімен бірлесіп, түнгі рейдтік тексеру жұмыстары тұрақты түрде өткізілмек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру