Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атақты спортшылар «Динамо» спорт қоғамын құттықтады

«Динамо» спорт қоғамының 95 жылдық мерейтойына байланысты  Қостанай облысының «Динамо» спорт кешенінде чемпиондардың даңқты дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан құрметті спортшыларды, ардагерлерді мерейтойлық медальмен марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерейтойлық медальмен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жүлдегері Иван Дычко, сондай-ақ қысқы спорт шеберлері Денис Кузин мен Александр Жигин марапатталды.

Іс-шараның ашылуында Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев «Динамо» спорт қоғамының соңғы 10 жылда үш спорт шеберін, 20-дан астам халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 7 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы тәрбиелегенін атап өтті.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары қауіпсіздік және құқық қорғау органдары үшін спорттық ұйым ретінде құрылған «Динамо» ФСО бүгінде қазақстандық спорттың ажырамас бөлігі және қозғаушы күшіне айналды.

Спорт қоғамын 17 жылдан астам басқарып келе жатқан «Динамо» ФСО төрағасының орынбасары Виктор Чернявский полиция қызметкерлері арасында спорттың дамуы туралы айтып берді.

– Жыл сайын полицейлер арасында спорттық жарыстар өткізіледі, балаларға арналған секциялар ашылды, спорттық дәстүрлер сақталып, көбеюде, – деді В.Чернявский.

Иван Дычко барлық ардагерлер мен спортшыларды мерекемен құттықтады.

– Мен өз карьерамды көптеген атақты чемпиондар сияқты «Динамо» қабырғасында бастадым. Бұл жерде жеңіске жетелейтін спорттық рух орнағанын атап өткім келеді. «Динамо» қабырғасында 44 олимпиадалық спорт түрінің 36-сы бойынша спортшылар дайындалады, – деді И.Дычко.

Сонымен қатар Қостанай облысы ПД қызметкерлері спорт шебері Әлібек Боранбаев, Жәнібек Мұхамеджанов және Аманбек Жаманқараев та марапаттарға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру