Атырау ауруханаларының бірінде жүкті әйел көз жұмды: полиция тергеу жүргізуде
Атырау ауруханаларының бірінде жүкті әйел көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
32 жастағы аяғы ауыр әйелдің қайтыс болу фактісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 317-бабымен, яғни медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.