Атырау облысы бойынша ҚАЖД-да сотталғандар жақындарымен жүздесті
Атырау облысы бойынша ҚАЖД-да сотталғандар жақындарымен жүздесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №75 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған жаза өтеушілерге 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Ашық есік күні» өткізілді.
Сотталғандар мен туыстарын мекеменің мәжіліс залына жинап тәрбие бөлімінің қызметкерлері «Алғыс айту күнімен» құттықтау сөзін айтып, барлық сотталғандарға қысқаша жақсы мінездемесін беріп, мекеменің тұрмыс тіршілігімен таныстырды.
Осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, қолдап отырған туыстарына сотталган азаматтар алғыстарын айтты.
Аталған іс-шара сотталғандар мен туыстарының арасындағы алтын көпір болары анық.