Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер есірткі сақтаған күдіктіні ұстады

Атыраулық полицейлер есірткі сақтаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 ақпан күні Атырау қаласының полиция басқармасы №2 ҚПБ-нің кезекші бөліміне Береке ықшам ауданында орналасқан пәтерлердің бірінде белгісіз азаматшаның есірткілік, психотроптық заттарды заңсыз дайындап, сақтағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған хабарлама бойынша мекенжайды тексеру кезінде әсері жоғары 7 дана трамадол, 3 дана тропикамид дәрі-дәрмегінің бос бөтелкесін, дәрігердің рұқсатымен берілетін “Сомнол” дәрі-дәрмегі және целлофанға оралған қара түсті өзіне тән иісі бар психотроптық есірткіге ұқсас зат табылған. Бұдан бөлек 14 дана белгісіз азаматтардың жеке басын куәландыратын түрлі құжаттары, 6 дана еңбек кітапшасы және 3 млннан астам ақша табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру