Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда күдікті ұрланған телефонды фольгаға орап алған

Алматыда күдікті ұрланған телефонды фольгаға орап алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері қалта ұрлығын жасады деген күдікпен 26 жастағы жігітті ұстады.

– Оны “ізін суытпай” ұстады. Ұсталған азаматтан 119-бағыттағы қоғамдық көлік жолаушысынан ұрланған IPhone телефоны тәркіленді. Осылайша мобильді құрылғыны іздеуді қиындата аламын деген оймен фольгаға орап алған. Семей қаласынан келген адам қаншалықты жиі қылмыс жасағанын ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша басталған тергеу амалдары көрсетеді. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатырмыз, – деді, Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Баяндамашының айтуынша, ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру