Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 17 мыңнан астам қасақана ЖҚЕ бұзушы анықталды

Алматыда “Қорғау-Қауіпті жүргізуші” жүйесі 17 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай мәліметтерді Алматы қаласының әкімшілік полициясы, “Қорғау-Қауіпті жүргізуші” жүйесін енгізудің аралық талдауын қорытындылау барысында келтіріп отыр.


– Бұл жаңашылдық өткен жылдың сәуір айында қолданысқа енгізілді. Патрульдік полиция қызметкерлерінің планшеттеріне орнатылған “Қорғау-Қауіпті жүргізуші” бағдарламасы ӘПБТ және бірқатар мемлекеттік органдардың деректер базасымен біріктірілген. Жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану деректерін, көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді, сақтандыру полисі жоқтарды, төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бар адамдарды анықтауға ерекше назар аударылады, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

“Қорғау-Қауіпті жүргізуші” жүйесінің көмегімен 2022 жылы 14 мың 360 жүргізуші, биылғы жылдың басынан бері – 3 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Сонымен қатар биылғы жылы Алматының патрульдік көліктеріне жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған жаңа “Сергек-Патруль” кешендері орнатылғанын айта кеткен жөн. Жоғары интеллектілі камералардың көмегімен кешен ағындағы көлікті анықтап, мемлекеттік нөмірді таниды және деректерді серверге жібереді. Сондай-ақ МТНБ “жалған” еместігіне, техникалық байқаудың, сақтандыру полисінің жоқтығына, төленбеген айыппұлдардың бар-жоғына, ұрлық және қандай да бір құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғына тексеріледі, – деді Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру