Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Суға батып бара жатқан оқушыларды құтқарып қалған павлодарлық полицей “Мейірімділік керуені” байқауының лауреаты атанды

Павлодарлық полицей “Мейірімділік керуені” V республикалық байқауының лауреаты атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұқтаж адамдарға қиын уақытта көмек көрсететін адамдар әрқашан қуаныш пен құрметке ие болады, олар өздері туралы емес, ең алдымен басқалар туралы ойлана отырып, жанқиярлық игі істер жасайды.

Бесінші рет ұйымдастырылған “Мейірімділік керуені” байқауы игі істер жасайтын адамдарды анықтауға, халықтың игі бастамаларын жандандыруға, мейірімділік және гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.


“Батыл жүрек” номинациясы Павлодар облысы Ертіс ауданының полицейі Азамат Саяновқа табысталды. Ол 2022 жылдың 5 қазан күні суға батып бара жатқан екі оқушыны құтқарып қалған еді. Азамат күреспен айналысады және футбол ойнайды, бұрын жүзумен айналысқан.  Бұл жердегі өзен өте терең және ағысы тез болған. Оған құтқару барысында ұлдарды алып  жүзу және жағаға қарай жүру қиын болған жоқ.

– Бала кезімнен ата-анам  мені жақсы істерге баулыды, маған көмектесті, маған лайықты, жауапты, батыл және мейірімді болу үшін ең жақсы қасиеттерді бойыма сіңіруге тырысты. Менің ойымша, Отанымыздың әрбір адал азаматы осылай жасауы керек, – деді Азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру