Атырау облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде қолөнер сайысы өтті
Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті № 79 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық бөлімінің ұйымдастыруымен жасақ аралық сотталған азаматшалар арасында қолөнер сайысы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның басты мақсаты – сотталған азаматшалардың бойларындағы икемділік, қабілеттілік, ізеттілік, инабаттылық қасиеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Аталған іс-шараны қорытындылау үшін Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің өкілдері шақырылды.
Сотталған азаматшалар қолдан жасалған бұйымдарының жасалу тәсілін көрсетіп түсіндірді. Әділқазылар алқасы әділ бағаларымен жеңімпаздарды анықтап, мекеме бастығының бұйрығымен ақшалай сыйақы және байқауға белсенділік танытып қатысқан азаматшаларға алдын ала дайындалған алғыс хаттар табыс етті. Іріктемеден өткен бұйымдар сотталған азаматшалардың келісімімен қалалық деңгейде өтетін қо өнер жәрменкесінде сатылып, түскен қаржы балалар үйіне табысталады.