ШҚО полицейлері мен паралимпиада чемпионы студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды
ШҚО полицейлері мен паралимпиада чемпионы студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қазан күні ШҚО ПД бастығының орынбасары Алмаз Төкенов, С. Аманжолов атындағы университеттің студенттерімен нашақорлықтың алдын алуға арналған жиын өткізді. Шараға Парижде өткен паралимпиада ойындарында дзюдодан алтын медаль иеленген Ақмарал Маратқызы қатысты.
А. Төкенов Ақмаралдың жеңісінің маңыздылығын, ол жеңімпаздың жеке мәртебесі ғана емес, еліміздің халықаралық деңгейде танылуына қосқан зор үлесі екенін атап өтті. Ол спорттық жетістіктер мен өмірдегі саналы таңдау қажеттілігі арасындағы параллель туралы баса айтып, есірткінің қауіптілігі мен оның зардаптарына назар аударды.
Полиция қызметкері студенттерді өзара қолдауға, салауатты әдеттерді дамытуға шақырып, олардың әрқайсысы әлемді жақсы жаққа өзгертуге қабілетті ел болашағы екенін еске салды.
“Аманат” партиясы жастар қанаты, “Жастар рухы” төрағасы Қорлан Туғанбаева да жастарды есірткі қылмысымен күресуге шақырып, салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығын атап өтіп, қолдау білдірді.
Университет ректоры Төлеген Мұхтар осындай іс-шаралардың саналы әрі жауапты жастардың қалыптасуына, еліміздің қауіпсіз болашағына жағдай жасауға септігін тигізетінін баса айтып, полиция қызметкерлеріне жасаған бастамаларына ризашылығын білдірді.