Атырау облысы ПД бастығы қызметкерлерді Жаңа жылмен құттықтады
Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев гарнизондық тарату
кезінде жеке құрамды Жаңа жылмен құттықтап, мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сондай-ақ, мереке күні қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет ететін тәртіп сақшыларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Атырау қаласындағы Жедел басқару орталығының қызметкерлеріне, модульдік бекеттер мен учаскелік полиция пункттеріне арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.
– Бүгін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қала көшелері мен алаңдарда тұрғындар көптеп жиналады. Басты назарда қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жауапкершілікпен атқару. Құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда жедел ден қоюды ұйымдастыру қажет. Тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймын, қызметтеріңізге сәттілік! – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.