Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы ІІО-ардагерлерімен кездесті

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы ІІО-ардагерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев бір топ ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесті. 

Кездесу барысында Н.Оразбаев ардагерлерге полиция қызметін сервистік модельге көшіру, “қолжетімді полиция” қағидаты және жалпы ішкі істер органдарын жетілдіру жөнінде атқарылып жатқан іс-шаралар бойынша айтып өтті. 

Кездесудің мақсаты – қызмет бағытын одан әрі жетілдіру, қызметкерлерімізге тәжірибелік көмек беру және ардагерлеріміздің ішкі істер органдарындағы ұзақ жылғы қызметтерінде жинақтаған мол тәжірибелерімен бөлісу.

– Қызметке жаңадан қабылданған жас қызметкерлерді тәрбиелеудегі, полицияның халық алдындағы беделін нығайтуға және құрметті еңбек демалысында болсаңыздар да қоғамдық тәртіпті сақтауға қосып жүрген үлестеріңіз орасан. Сіздердің ішкі істер органдарындағы ұзақ жылғы адал еңбектеріңіз, сол арқылы жинақтаған тәжірибелеріңіз қызметімізді одан әрі жетілдіруге өз үлесін қоса деп есептеймін. Алдағы уақытта да сіздермен бірлесе атқаратын жұмыстарымыз нәтижелі болатындығына сенімдімін, – деді Нұрхат Оразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру