Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД бастығы әлем және Азия чемпионымен кездесті

Павлодар облысы ПД бастығы әлем және Азия чемпионымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр әскери қоян-қолтық күрес бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы Ринат Махмутовпен кездесті.

Жақында Ринат мамыр айында Беларусь Республикасының Минск қаласында өтетін Еуропа чемпионатына қатысуға Нұр-Cұлтан қаласынан іріктеуден өтті.

ПД бастығы павлодарлық полицейге жылы лебізін білдіріп, оған спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғысын айтты. Чемпионды кезекті жеңісімен құттықтап, спортта жаңа табыстар тіледі. Сондай-ақ, Ринат дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Полиция департаменті бастығының құқықтарымен марапатталды.

– Барлық жеке құрам атынан және жеке өз атымнан жеңісіңмен құттықтаймын. Мен әрқашан біздің спортшы-полицейлердің өнерін үлкен қызығушылықпен қараймын, – деді Василий Скляр.

Полиция бөлімінің басшысы оның алдағы жоспарлары мен қызметі туралы сұрап, жаттығу және жарыстарға қатысу кезінде отбасына көңіл бөлуге уақытының  қаншалықты  жететінін сұрады.

– Қазір мен тығыз спорттық кестеге байланысты тиісінше көңіл бөле алмаған ата-анама көбірек уақыт бөлгім келеді. Жақын арада туған-туыстарыма жиі көңіл бөлуге тырысамын, – деді чемпион. 

Ринат Семей қаласында туып-өскенін айтты.

– Спортпен ерте жастан айналыстым, үнемі қозғалыста болдым, тыныш отыра алмайтынмын. Алдымен еркін күреспен, кейін аралас жекпе-жекпен айналыстым. Бірте – бірте ММА спорт шеберінің барлық нормативін орындадым, Жекпе-жек, Кудо, жауынгерлік самбо, қоян-қолтық ұрыс, әскери қоян-қолтық ұрыстың барлық нормативтерін орындадым, сондай-ақ халықаралық ММА деңгейі бойынша спорт шебері атағына ие болдым, – деді Ринат Махмутов.

Ринат Халықтар достығы университеті мен олимпиадалық резерв спорт колледжін бітірген. Мерзімді қызметін Қапшағай қаласының десанттық әскерлерінде өткерген. Бірнеше спорт түрінен спорт шебері атағынан басқа, Ринат ММА бойынша әлем және Азия чемпионы, жекпе-жек, кудо және жауынгерлік самбо бойынша Қазақстан чемпионы. Сондай-ақ, “Alash Pride”, “Octagon Selection”, “Gran Prix Triymph Fiths” кәсіпқойлары арасындағы ММА халықаралық турнирлерінің қатысушысы және жеңімпазы.

2014 жылы Ринат “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлімшесінде өз қызметін бастады. 2016 жылы Алматы қаласында күрең берет нормативтерін тапсырып, 2017 жылы елордада нормативтерді растады. 2019 жылдан бастап Павлодар облысы ПД ЖҚБ инспекторы болып қызмет етеді.

Көптеген спорттық атақтар мен жетістіктеріне қарамастан, Ринат өте қарапайым және жауапты адам. Ол әрдайым мұқтаж адамдарды көмексіз қалдырмайды.

– Қызметке келген соң әріптестерім өткен чемпионаттың ұйымдастырушылық сәттеріне, шешуші іріктеу турының алдындағы “жауынгерлік” көңіл-күйдің  жай- жапсарын білуге қызығушылық танытты. Әрине, барлығы мені қолдап, жеңістеріме әрқашан қуанады. Әріптестерімнің қолдауы мен үшін өте қымбат және мені жаңа жетістіктерге талпындырады, – деп Ринат Махмутов өз әсерімен бөлісті.

Оның жеңісі – бұл жаттығулардағы өршіл табандылығы мен көп жылдық тәжірибесінің және сәттіліктің нәтижесі екенін атап өтті.

Облыстың бас полицейі Василий Скляр Ринаттың жетістіктері барлық полицейлердің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен қылмысқа қарсы күрес барысындағы күнделікті қызметінде қолданатын үлгі болуы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру