Атырау облысында алты жасар қыздың мәйіті табылды
Атырау облысында алты жасар қыздың мәйіті дәретханадан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 13 маусымында сағат 21:50-де Атырау қаласы Қара Депо шағын ауданындағы жеке тұрғын үйдің ауласында дәретхана шұңқырынан туыстары алты жасар қыздың мәйітін алып шықты.
Шұңқырдың тереңдігі 2 метр. Сол күні шамамен 19:50-де бала аулаға ойнауға шығып кеткен болатын.
Атырау облысы ТЖД балаларды ересектердің қарауынсыз ешқашан қалдырмауларыңызды ескертеді!