Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Суға батып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Атырау облысында суға кеткен адамды іздеу жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 13 маусымында Атырау қаласының Геолог кентінде Жайық өзенінде Атырау облысы ТЖД “ЖҚЖ” күшімен 1993 жылы туған жігіттің денесін іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт достарымен демалыста болған және шамамен сағат 17:10-да арнайы жабдықталмаған жерде суға шомылу кезінде суға батып кеткен.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары ешқандай нәтиже бермеді, бірақ іздестіру жұмыстары жалғасады.

Атырау облысы ТЖД ескертеді! Арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынған. Арты қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру