Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілінен марихуана тәркіленді
Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілінен марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 сәуір күні сағат 22:15 шамасында Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 23 жастағы бұрын сотталған деструктивті діни ағым ұстанушысының үйінің ауласын тексеру барысында 90,2 грамды құрайтын марихуана есірткі затын тәркіледі.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.