Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында “CyberPol” пилоттық жобасы жүзеге асырылмақ

Абай облысында “CyberPol” цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрес пилоттық жобасы жүзеге асырылмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кибершабуылдарды тергеу және талдау орталығы мамандарының қатысуымен киберқылмыстарды тергеу және оған қарсы іс-қимыл бойынша шаралар Абай облысының полиция қызметкерлерімен талқыланды.

– Әріптестеріміздің тәжірибесін қабылдай отырып және Ішкі істер министірлігінің қолдауымен біз кибершабуылдарды тергеу және талдау орталығының сарапшыларын облысымызға шақырдық.

Интернет-алаяқтықтың алдын-алу, ашу және тергеу бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткіздік. Бұл кездесу менің әріптестерім үшін пайдалы болғанына және алған тәжірибесі мен білімін практикада сәтті қолдана алатынына сенімдімін, – деп атап өтті Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру