Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ЖҚАЖ қызметкерлері ерекше балаларға арналған интернатқа барды

Алматыда ЖҚАЖ қызметкерлері ерекше балаларға арналған интернатқа барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

– Біздің бөлімше қызметкерлері ерекше балаларға арналған интернатқа барды. Жауынгерлердің тамаша өнерін балалар қошеметпен тамашалады, бұл біз үшін ең қымбат әрі шынайы баға. Біз балаларға нағыз мереке ұйымдастырғымыз келді, олардың пікірлері мен көңіл-күйлеріне қарасақ, біздің қолымыздан келген сияқты, – деді Алматы қалалық ПД жедел қимылдайтын арнайы жасағының командирі Үсен Әбілбаев.

Сондай-ақ Әбілбаев ІІО-да, атап айтқанда ЖҚАЖ-да қызметті кеңінен насихаттау мақсатында бөлім қызметкерлерінің жастар арасындағы спорттық және мәдени іс-шараларға белсене атсалысатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру