Атырау облысында малдың кесірінен бір күнде екі жол көлік апаты болды
Атырау облысында малдың кесірінен бір күнде екі жол көлік апаты болды, – деп хабарлайды Polisia.kz
18 қазан күні Ақтөбе – Астрхан тас жолының 705-шақырымында Toyotа маркалы автокөлігінің кенеттен жолға шыққан төрт-түлікке соқтығысуы салдарынан жол апаты орын алды.
Сонымен қатар Доссор – Құлсары тас жолының 106-шақырымында Kia автокөлігінің жүргізушісі жылқы малын қағып, жол-көлік оқиғасын жасады. Аталған оқиғалар бойынша көліктің жолаушылары мен жүргізушілері жарақат алған жоқ. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Қараусыз үй жануарларының иелері іздестірілуде.
Осы ретте тәртіп сақшылары облыс аумағында және республикалық маңызы бар автожолдар бойында малдардың қараусыз жайылып жүруі жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескертеді.