Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан шетелдіктер ұсталды

Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан шетелдіктер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері қалалық қоғамдық көлікте жүрген екі қалта ұрысын ұстады.

– 46 жастағы Х.есімді азамат пен оның құрдасы И.есімді азамат қалалық қоғамдық көлікте қалта ұрлығымен айналысқан. Олар негізінен Алатау ауданының аумағында ұрлық жасап жүрген. Қаскөйлер жолаушының ұялы телефонын ұрлаған кезде, яғни қылмыс орнында жедел уәкілдермен ұсталды. Мобильді құрылғы алынып, заттай айғақ ретінде іс материалдарына тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Сонымен қатар біз қала бойынша басқа да осыған ұқсас қылмыстарды жасауға шетелдіктердің қатысы бар-жоғын анықтаймыз. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Наутов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру