Атырау облысында “Police 102” мобильдік қосымшасы арқылы жыл басынан бері 93 қоңырау түсті
Атырау облысында “Police 102” мобильдік қосымшасы арқылы жыл басынан бері 93 қоңырау түсіп, 28 өтініш өңделді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін “102” мобильдік қосымшасы құқық қорғау органдары мен азаматтар арасындағы тиімді байланыс құралына айналды. Қосымша арқылы кез келген адам оқиға орнынан полицияға тікелей хабарласып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы жедел ақпарат жібере алады. Атырау облысы аумағында жыл басынан 28 өтініш өңделіп, 93 қоңырау келіп түсті.
“102” мобильдік қосымшасы құқық қорғау саласындағы заманауи технологиялардың бірі ретінде азаматтарға Жедел басқару орталығына аудио және бейне қоңырау шалу мүмкіндігін береді. Бұл құқық бұзушылық туралы фото және бейне материалдарды жіберу арқылы дәлелдерді тіркеуге көмектеседі. Сонымен қатар қосымша полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, 2024 жылы “Police 102” мобильдік қосымшасы арқылы облыс бойынша 178 өтініш өңделіп, 626 қоңырау келіп түсті. Талдау көрсеткендей, арыздардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты тіркелген.