Атырау облысында полицейлер мал іздеп шығып, адасып қалған тұрғынды тапты
Атырау облысында полицейлер мал іздеп шығып, адасып қалған тұрғынды тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы Қызылқоға аудандық полиция бөліміне 6 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында Миялы ауылының тұрғыны хабарласты. Жәбірленушінің айтуынша, жолдасы - 41 жастағы Асхат Кушелеков Жангелдин ауылына қарасты "Қазы" қыстағынан мал айдап келе жатып, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмаған.
Хабарлама түскен сәттен бастап аудан полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кешкі сағат 23.30 шамасында ауылдан 40 шақырымдағы учаскесінің "Жұмыршы" жерінен табылды.
- 2 айдан бері осы ірі қара малымды іздеп жүрмін. Жолдан адасып, күні бойы тамақтанбай, әбден әлсіреп, оның үстіне жауын астында қалғанда полицейлер дереу алғашқы көмек көрсетіп, киімімді ауыстырып, аман-есен үйіме жеткізді. Шексіз алғысымды білдіремін, - деді Асхат Кушелеков.