Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында полицейлер мал іздеп шығып, адасып қалған тұрғынды тапты

Атырау облысында полицейлер мал іздеп шығып, адасып қалған тұрғынды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Қызылқоға аудандық полиция бөліміне 6 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында Миялы ауылының​ тұрғыны хабарласты. Жәбірленушінің айтуынша, жолдасы – 41 жастағы Асхат Кушелеков Жангелдин ауылына қарасты «Қазы» қыстағынан ​мал айдап​ келе жатып, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмаған.

Хабарлама түскен сәттен бастап аудан полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кешкі сағат 23.30 шамасында ауылдан 40 шақырымдағы учаскесінің «Жұмыршы» жерінен табылды.

– 2 айдан бері осы ірі қара малымды іздеп жүрмін. Жолдан адасып, ​күні бойы тамақтанбай,​ әбден әлсіреп, оның үстіне жауын астында қалғанда полицейлер дереу алғашқы көмек көрсетіп, киімімді ауыстырып,​ аман-есен үйіме жеткізді. Шексіз алғысымды білдіремін, – деді Асхат Кушелеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру