Атырау облысында қарасора өсірілген аса ірі көлемдегі плантация анықталды
Атырау облысында қарасора өсірілген аса ірі көлемдегі плантация анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қыркүйек күні Атырау облысы Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бірлесіп “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының шекаралас аумағында орналасқан орман алқабында қарасораға ұқсас өсімдіктерді анықтады.
Сараптамаға сәйкес, заңсыз егілген қарасора өсімдігінің 507 бұтасы жиналған плантация екендігі анықталып, есірткі қурайларын отап, өртеу арқылы толықтай көзін жойды.
– Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіруі) дерегімен тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.