Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

100-ден астам адамға той жасаған мақтааралдық жауапқа тартылуда

Түркістан облысының полицейлері 100-ден астам адамға той жасаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында карантин талаптарына қарамастан той жасайтындар саны сейілер емес. Тұрғындардың денсаулығын қадағалап, карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында құрылған мобильді топ рейд жұмыстарының барысында үйлену тойын өткізіп жатқан тұрғынды анықтады.
Яғни Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан тойханалардың бірінде кешкі сағат 19:00 шамасында 100-ден астам адам тойға жиналған. Тәртіп сақшылары тойға келушілерге карантин талаптары туралы түсіндіріп, той өткізуші мен тойхана иесіне қатысты ӘҚБтК 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында тиісті орынға жолданды.

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитариялық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты ұстануды естен шығармаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру