Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында құжатсыз жүрген 4 Қытай азаматы анықталды

Атырау облысында құжатсыз жүрген 4 Қытай азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20-30 қараша аралығында Атырау облысы аумағында құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара барысында Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімі және Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, 22 қараша күні сағат 10:30 шамасында Атырау қаласы Каспий ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру кезінде Қытай Халық Республикасының 4 азаматының жеке басын анықтайтын төлқұжаты жоқ екенін анықтаған.

Аталған шетел азаматтары қабылдау-тарату орнына орналастырылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағы (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, ҚР-да еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторлары жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру