Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары интимдік қызмет көрсеткен

Алматыда Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары интимдік қызмет көрсеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезөкшелікпен айналысқан төрт шетелдік әйел жауапкершілікке тартылды.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында қаладағы қонақүйлердің бірінде интимдік қызмет көрсетумен айналысқан 11 әйел анықталды, олардың төртеуі Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары.

– Олар – 1997, 2000 және 2003 жылы туғандар. Құқық бұзушылар ҚР “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” заңының 29-бабы бойынша материал жинау үшін Алатау аудандық ПБ-ға жеткізілді, содан кейін қабылдап-таратуға орналастырылды. Қонақүйде ұсталған алты әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал қонақүй кешенінің иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қарашадан бастап қалада шетел азаматтарының ҚР-да болу ережелерін бұзу деректерін анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын және шетелдіктерді заңсыз тартуды анықтау мақсатында іс-шара жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру