Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған азаматтың әйелі колонияға 10 телефон өткізуге тырысқан

Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ның № 29 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанның жұбайы колонияға 10 телефон өткізуге тырысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеменің тінту тобының қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары кәсібилігі мен қызметтік міндеттерін адал орындауының арқасында сотталушыға тыйым салынған заттарды, атап айтқанда: 10 смартфон, 2 планшет, 4 түймелі телефон, 3 sim-карта, сыйымдылығы 4 гб 1 шағын флэш-карта беру әрекетінің алдын алды.

Тәркіленген тыйым салынған заттар Қарағанды облысы ПД Абай ауданы ПБ жедел тергеу тобына берілді.

– Тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша сотталғандармен және олардың туыстарымен жүргізіліп жатқан профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, азаматша бұл бұзушылыққа саналы түрде барды және ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, – деп мекеме әділет полковнигі Игорь Бендерский атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру