Атырау облысында суға шомылу маусымына дайындық жүріп жатыр
Шомылу маусымына дайындық жұмыстары туралы 20 мамырда Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел құтқару жасағының басшысы Самат Кумашев баяндады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел құтқару жасағының басты міндеті – судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу және азайту.
Сондықтан, адамдар қазасын болдырмау мақсатында сондай ақ, суға түсу маусымы кезінде тұрғындарға судағы қауіпсіздік шараларын сапалы әрі нәтижелі түрде үйрету үшін жасақ құтқарушылары 1 маусымнан бастап күшейтілген режимге ауыстырылады.
Атырау қаласы бойынша ресми түрде екі жағажай тіркелген, олар Атырау дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұсындағы жағажай және Тұрғын үй қалашығы ықшам ауданында орналасқан «Малибу» жағажайы.
2020 жылдағы суға түсу кезеңіне жедел құтқару жасағының құтқарушылары және техникалары аса жоғары дайындықта. Жалпы жеке құрам саны 65 құтқарушыны құрайды, соның ішінде 21-і сүңгуір құтқарушы. Жедел құтқару техикалары, жүзу құралдары: 13 бірлік автокөлік және үш бірлік арнайы техника бар.
Сонымен қатар, 24 бірлік жүзу құралдары болса, соның ішінде темір қайықтар саны – жеті, үрлемелі қайықтар саны-10, құтқару катерлер саны – үш, пластикалық қайықтар саны – бір, еспелі қайықтар саны – екі және ілмелі мотор саны – 19 бірлікті құрайды. Бірінші бірлік «өзен-теңіз» классындағы кеме, бірлік гидроцикл,бірлік эхолокатор (Наутилус-50), 28 – жинақ сүнгуір жабдықтары суға түсу маусымына толық дайын.
Былтыр жыл басынан бері 13 адам, оның ішінде бес бала суға кетіп, қаза болды.
Биыл жыл басынан алты адам, оның ішінде үш бала суға кету оқиғасы тіркелді. Осыған орай адамдар қазасын болдырмау мақсатында құтқарушылар үгіт- насихат жұмыстарында белсенді жүргізіп жатыр.