Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өрт кезінде пәтерде болған үй иесі көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысы Шүлбі кентінде өрт сөндірушілер өрт кезінде 21 адам мен төрт баланы эвакуациялады, – дпе хабарлайды Polisia.kz.

Өрт тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Көршілер 4-қабаттағы түтінді байқап өрт сөндіру бөліміне хабарласқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер үш минут ішінде келіп жетті.

Барлау кезінде жанып жатқан пәтерден үй иесі ес-түссіз күйде табылған. Зардап шегушіні алып шығып, тамыр соғысы болмағандықтан бірінші медициналық көмек көрсеткен. Алайда келіп жеткен ауылдық фельдшер 1972 жылы туған ер адамның тірі еместігін анықтады.

Осы уақытта өрт сөндірушілердің екінші буыны түтін басқан үйден тұрғындарды эвакуациялай бастады. Әр пәтерді аралап, далаға шығуларын өтінді. Барлығы 25 адам, оның ішінде төрт бала эвакуацияланды.

Екі шаршы метрдегі өрт сөндірілді, түтінді шығарды, ғимаратты толық қарап шығып, тұрғындарға қауіптің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін даладағы тұрғындардың үйлеріне кірулеріне рұқсат берді.

Өрт себебі бойынша – отты абайсыз пайдалану және мас күйде темекі шегу болжамы пысықталып жатыр.

Барлығы облыс бойынша жыл басынан бері өрт кезінде 12 адам құтқарылды, 340 адам эвакуацияланды, 28 адам көз жұмды. Тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, өрт кезінде дереу “101” нөміріне қоңырау соғуды сұраймыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру