Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері облыс прокурорының кубогында жүлделі орын иеленді
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері облыс прокурорының кубогында жүлделі орын иеленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарысқа құқық қорғау, арнаулы және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысып, шағын футбол және үстел теннисі бойынша өзара бақ сынады.
Шағын футболдан өткен сайысқа 8 команда қатысып, тартысты ойын нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы жүлделі ІІ орынға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар да арнайы номинациялармен марапатталды. "Үздік ойыншы" аталымы ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекеменің қызметкері Сейілхан Бақытқа табысталды.
Ал үстел теннисінен өткен жарысқа қатысқан 8 команданың арасынан ҚАЖ департаментінің командасы ІV орынға ие болды.
Спорттық дода барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, командалық ұйымшылдық пен өзара қолдаудың жоғары үлгісін танытты.
Мұндай спорттық жарыстар қызметкерлердің дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, құқық қорғау және арнаулы органдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға да ықпал етеді.
