Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерді ұстады

СҚО-да полиция мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерді ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру — мас күйде көлік жүргізген Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғынына осындай жаза тағайындалды.

Полицейлер ер адамның К. Сүтюшев көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің автотұрағына Hyundai Accent автокөлігімен сенімсіз кіріп келе жатқанын байқаған. Алдымен ол кінәсін мойындамаған. Алайда медициналық куәландыру жүргізушінің мас күйде болғанын көрсетті.

Тәртіп сақшылары мас күйде көлік басқаруға жол берілмейтінін ескертеді. Бұл — жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекет.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 17 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

8 ай ішінде СҚО-да рейдтер мен жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полицейлер мас күйде көлік басқарған 776 жүргізушіні анықтады. Бұл — күніне орта есеппен 3 жүргізуші.

Полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу және өңір жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мас күйде көлік басқару фактілерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру